Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.
Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
- 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
- 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
- 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
- 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
- 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
- 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
- 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
- 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
- 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
- 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
- 2020-2022 жылдары (қаңтар) - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
- 2022-2023 жылдары (қыркүйек) - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
- 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- Бүгінге дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін қоса атқарды.
"Құрмет" орденімен (2010) марапатталған.
Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.