Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Аида Балаева. Фото: Информбюро
Аида Балаева. Фото: Информбюро
Ол мәдениет және ақпарат министрі лауазымын қоса атқарады.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Аида Балаева ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент жарлығында. 

Оның кандидатурасына Мәжіліс өз келісімін берді. 

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірді. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ақпарат және қоғамдық даму министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйегінде Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарды.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз