ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел тұрғындарын оның атынан жіберілген жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Министрдің айтуынша, хабарламалар WhatsApp мессенджері арқылы жіберіледі.
«Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберуде. Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін. Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын. Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде», – деп жазылған хабарламада.
Наурызда қазақстандықтарды Аида Балаеваның суреті бар хабарламаларға сенбеуге шақырған болатын. Бұл хабарламада қазақстандықтарға белгілі бір төлемдер тағайындалғаны, «алу» үшін күмәнді веб-сайтқа кіруді талап ететіні айтылған.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың сот отырысына журналистер жіберілмейді: Мәдениет министрлігі мәселені шешуге тырысуда