Аязға байланысты Астана, Өскемен және Қызылордада оқушылар онлайн оқуға көшті

Фото: Астана қалалық білім басқармасы
Фото: Астана қалалық білім басқармасы
Елордада 0–9 сынып оқушылары үшінші күн қатарынан онлайн форматта оқып жатыр.

26 ақпанда ауа райының күрт суытуына байланысты Астана, Өскемен және Қызылорда қалаларында мектеп оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

26 ақпанда Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0–9 сыныптар қашықтан оқытуға көшірілді.

Өскеменде ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты 1 және 2 ауысымдағы 0–11 сынып оқушылары толықтай онлайн форматта білім алады.

Ал Қызылордада қауіпсіздік мақсатында 0–11 сынып аралығындағы барлық оқушы қашықтан оқыту тәртібіне ауыстырылды. Шешім меншік нысанына қарамастан барлық жалпы білім беру ұйымдарына қатысты.

Осылайша, үш қалада қолайсыз ауа райына байланысты дәстүрлі сабақтар уақытша тоқтатылып, оқу процесі онлайн режимде жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз