USDUSD: 515.3 / 517.9
  • EUREUR: 534.0 / 538.0
  • RUBRUB: 5.25 / 5.35
Тікелей эфир
Алматы -2C
  • -2°C Алматы
  • -19°C Астана
  • -1°C Ақтау
  • -12°C Ақтөбе
  • -7°C Атырау
  • -16°C Балқаш
  • -20°C Жезқазған
  • -21°C Қарағанды
  • -18°C Көкшетау
  • -15°C Қостанай
  • -12°C Қызылорда
  • -19°C Павлодар
  • -16°C Петропавл
  • -26°C Семей
  • -12°C Талдықорған
  • -7°C Тараз
  • -4°C Түркістан
  • -6°C Орал
  • -27°C Өскемен
  • -4°C Шымкент
Алматы -2C
  • -2°C Алматы
  • -19°C Астана
  • -1°C Ақтау
  • -12°C Ақтөбе
  • -7°C Атырау
  • -16°C Балқаш
  • -20°C Жезқазған
  • -21°C Қарағанды
  • -18°C Көкшетау
  • -15°C Қостанай
  • -12°C Қызылорда
  • -19°C Павлодар
  • -16°C Петропавл
  • -26°C Семей
  • -12°C Талдықорған
  • -7°C Тараз
  • -4°C Түркістан
  • -6°C Орал
  • -27°C Өскемен
  • -4°C Шымкент

Аяз, тұман, қар: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыс, солтүстік-шығыс түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз -4-6°C аяз.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ бар. Шығыс жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -9-11°C, күндіз 0-2°C аяз.

Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-шығыс жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -4-6°C аяз, күндіз +8+10°C жылы.

Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -20-25°C, облыстың шығысында -28°C, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде -10-15°C аяз, күндіз -10-15°C, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде -5°C аяз.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-17°C, күндіз -4-9°C аяз. Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -5-10°C аяз. Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Атырау облысының батысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыс секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз, күндіз -2°C аяз, облыстың шығысында -5°C аяз. Атырауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 05 ақпанда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың батысында -2°C, күндіз -2-7°C аяз, облыстың батысында +1°C жылы.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың оңтүстік-шығысында -17°C, күндіз -2-7°C, облыстың оңтүстік-шығысында -10°C аяз болады.Петропавлда тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыс жел 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -7-12°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз, күндіз 0-5, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8°C аяз болады. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз -27°C градус күтіледі. Талдықорғанда 5 ақпанда түнде қатты аяз -25-27°C күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C , күндіз -2-7°C , облыстың шығысында -10°C аяз.Павлодарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екіпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -11°C аяз. Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың батысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың батысында -10°C аяз. Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Шығыс жел секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы -5-10°C аяз, күндіз -2°C, облыстың оңтүстігінде +6°C жылы. Қызылордада жауын-шашынсыз бұлт аз. Шығыс жел секундына 9-14 метр. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың батысында -7°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз. Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Маңғыстау облысында күн жауын-шашынсыз. Жел шығыс, солтүстік-шығыс секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың солтүстік-шығысында -10°C аяз, күндіз +3+8°C жылы, облыстың солтүстік-шығысында -2°C. Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс жел секундына 5-10 метр.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1-6°C, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -11°C аяз, күндіз +6+11°C жылы, облыстың солтүстігінде -4°C суық.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -19-24°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -30°C, күндіз -13-18°C, облыстың солтүстік-шығысында таулы аудандарда -5-10°C аяз болады. Өскеменде бұлт аз, жауын-шашынсыз.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары