Сондай-ақ, Шерхан Мұртаза, Кәкімбек Салықов, Нияз батыр, Жақсыбек Оңшыбаев, Аднан Мендерске де ескерткіш қою жоспарланған.
Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады, сондай-ақ Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және Жұмат Шанинге бюст орнатылады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Құрамына белгілі мүсіншілер, суретшілер, зергерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кіретін Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын қарап, мақұлдады.
Сондай-ақ, Комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, ІІ Дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа және түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық кешені салынады
Комиссия мүшелері Сартай Байжанұлына арналған "Сартай батыр – мың бала" ескерткішінің жобалық жұмысын қабылдамады, жоба қайта пысықтауды қажет етеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-