Тікелей эфир

"Ағайындылар" фильмі Германияда көрсетіледі

Еуропа көрермендері фильмді Oldenburg International Film Festival аясында тамашалайды.

Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтың "Ағайындылар" атты дебюттік фильмі 14-18 қыркүйек аралығында Германияда өтетін Oldenburg International Film Festival кинофестиваліне қатысады, деп хабарлады Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.

"Ағайындылар" фильмі балалар үйі түлегінің өмірі туралы баяндайды. Фильм режиссері Дархан Төлегенов екі ағайындының тағдыры бір-бірімен тамаша ұштасатын фильмді түсіру идеясы шынайы өмірден туындағанын айтады.

"Менің өзімнің де інім бар, Мен жай ғана осы тақырыпта ойланып, толғандым: егер бір-бірінің бар екенін білмеген ағайындар кездесіп, ортақ болашаққа үміт артса ше? Міне, осы тақырыпта фильм түсіргім келді", – дейді режиссер.  


Оқи отырыңыз: "Бекзат", "Жақсылық", "Балуан Шолақ". Қазақ спортын арқау еткен 10 кинотуынды


Фильм көрінісі. Фото: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Басты рөлдерде Әлішер Исмаилов, Айбар Салы және Азат Жұмаділ. Картина жасауда кәсіби мамандар тобы жұмыс жасады – сценарист Ален Рахметалиев, продюсер Максим Акбаров, қоюшы оператор Шерхан Таңсықбаев, қоюшы суретші Бағдат Қожахметов. Фильмге музыканы композитор Абай Абаев жазған.

Картинаның креативті продюсері өткен жылы қайтыс болған Фархат Әбдірайымов болды.

Фильмді 2023 жылдың басында отандық прокатқа шығару жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары