Тікелей эфир

Ағайынды қазақ балалар джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Балалардың бірі 8, екіншісі 6 жаста.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында ағайынды Арслан мен Арсен Берік жеңіске жетіп, чемпион атанды.

8 жастағы Арслан 24 келі салмақта өнер көрсетіп, финалда Пәкістан спортшысынан басым түссе, 6 жасар Арсен 20 келіде сынға түсіп, ақтық сында кувейттік спортшыны жеңген.

Ортадағылар – Арсен мен Арслан Берік. Фото: Алмас Өтебаев

Арсланның әкесі Алмас Өтебаевтың айтуынша, екі спортшы да 4 жасынан бастап жаттыққан.  

"Арслан менің үлкен ұлым, ал Арсен – інімнің баласы. Екеуі де спорт десе ішкен асын жерге қояды", – дейді Алмас Өтебаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы танымал егіздер кімдер?


Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен дүбірлі додада әлемнің 120 мемлекетінен 5 мыңға жуық спортшылар өнер көрсетті. Арслан мен Арсеннің салмағында АҚШ, Канада, Франция, Ирландия, Ұлыбритания, Кувейт, Сауд Арабиясы елдерінің өкілдері бақ сынады.

"Болашақта джиу-джитсудың бір тармағы Олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін. Сондықтан, осы спорт түрімен қарқынды түрде шұғылданып, алдағы уақытта Қазақстанның намысын абыроймен қорғағым келеді", – дейді Арслан Берік.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары