Тікелей эфир

Африкада құрғақшылықпен күрес: Зимбабве билігі 200 піл атуға рұқсат берді

Бұған дейін Намибияда ет үшін жабайы жануарларды ату науқаны басталған болатын.

Зимбабве қоршаған ортаны қорғау министрлігі елдегі піл санын реттеу мақсатында 200 пілді атуға рұқсат берді. Көзі жойылатын пілдерді анықтау ZimParks жабайы табиғат паркінің әкімшілігіне тапсырылған. 

Ел билігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Зимбабке аумағын 100 мыңға жуық піл мекен етеді. Пілдер популяциясы бойынша Зимбабве Ботсванадан кейінгі екінші орынға ие. Сәйкесінше, мемлекет басшылығының тұжырымынша, 200 пілді ату жалпы пілдер популяциясына айтарлықтай әсер етпейді. Ал бұл шешім жылдам өсіп бара жатқан пілдер популяциясын реттеуге және құрғақшылықпен күреске оң әсер етеді. 

Зимибабведе соңғы рет пілдерді ату науқаны 1988 жылы жүргізілген екен. 

Еске салайық, биыл Орталық Африкадағы тағы бір ел – Намибия тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жалпы саны 700-ден астам жабайы жануарды өлтіріп, олардың етін намибиялықтарға үлестіру туралы шешім қабылданған. Намибияның ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген тізімге 83 піл, 30 бегемот, 60 буйвол, 50 антилопа, 100 көк гну және 300 зебра енген. Жануарларды атуға тек кәсіби аңшыларға рұқсат етіледі және аң ату орындары да белгіленген. Яғни, жабайы жануарлар тек ұлттық парктер аумағында атылады. Қазіргі уақытта жануарларды ату жұмыстары басталып кеткен. 


Оқи отырыңыз: Намибия билігі 83 піл мен 300 зебраны атып, етін тұрғындарға таратпақ


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары