"Әріптестің кездейсоқ оқ атуы". Петропавлда Ұлттық ұлан сарбазы оқтан жарақат алып, қаза болды

Ер адам медициналық мекемеге жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Петропавлда әскери қызметкер әріптесінің оғынан қаза тапты. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

"12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда оғынан жараланды. Ол шұғыл медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ әскери қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады", – деп жазылған хабарламада.

Қызметтік тергеу тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Оқи отырыңыз: Үйге қайтуына 10 күн қалған: Түркістандағы шекара қызметінде сарбаз көз жұмды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз