Бүгін Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясы ұсынған Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімін тіркеді. Партия Орталық сайлау комиссиясына осы кандидаттардың тізімін тіркейтін қажетті құжаттарды ұсынды.
Партиялық тізімде ғалым, заңгер, кәсіпкер, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық қызметтердің өкілдерін қосқанда 186 адам бар. Тізімде 72 әйел және 114 ер адам бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.
Айта кетейік, "Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында ресми тіркеліп, алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеген еді. 10 шілдеде өткен партияның кезектен тыс III съезінде 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді жариялап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
"Әділет" партиясы Парламент сайлауына алғаш рет қатысқалы отыр. Құрылтай депутаттарының сайлауы биыл 23 тамызда өтеді.
Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясы тіркеген толық тізім мынандай:
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет бір палаталы парламент құру бастамасын көтерген болатын.
Ал биыл 5 маусымда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға қол қойып, жаңа парламенттің құзыреті мен құқықтары ресми түрде бекіді.
Әділетті Қазақстанның төлқұжаты: Елімізде жаңа Конституция күшіне енді
Тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады – Тоқаев