Тікелей эфир

Әбілхан Аманқұл Канелоның бокс кешінде мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді

8 раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Сапопанда (Мексика) Сауль "Канело" Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі

Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоға (7-6-3, 4 КО). қарсы шықты. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Фабиан Риос Фраусто кәсіби мансабында 7-ші рет жеңілді.

Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері болған. Ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығады.


Оқи отырыңыз: Сауль "Канело" Альварес пен бауырлары Гиннесс рекордтар кітабына енді


 

Серіктестер жаңалықтары