Тікелей эфир

Абай ауданында ауыл тұрғындарын қоғамдық жайылымсыз қалдыру әрекетінің жолы кесілді

Жергілікті мал өсірушілер 4300 гектар жерінен айырылып қалды.

Бородулиха ауданының әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, 4300 гектар жайылымдық жерді арнайы жер қорына өткізген. Заң бұзушылықты Абай облысының прокуратурасы анықтады.

Бородулиха ауданының әкімдігімен жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырылды.

Жер заңдарының нормаларына сәйкес, жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған.


Оқи отырыңыз: "Жалған қол қойып, атымыздан несие алды". Солтүстікте ауыл азаматтары жер телімін серіктестіктен ала алмай отыр


Елді мекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді көздейді. Прокуратура қабылдаған шараларымен аудан әкімдігі шығарғған заңсыз қаулы күшін жойды.

Серіктестер жаңалықтары