USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Абай облысында жол апатынан үш адам қаза болды

Фото: Абай облысы ПД
Фото: Абай облысы ПД
Оқиға 2 қараша күні таңғы сағат 05:45 шамасында болған.

Абай облысы Бесқарағай ауданында Омбы–Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл көлігі мен Howa жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға 2 қараша күні таңғы сағат 05:45 шамасында болған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бабымен тергеу басталды.

Еске салайық, жуырда Ақтөбе облысында болған ірі жол апатынан 12 адам қаза болған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау