Абай облысында екі теміржолшы 920 миллион теңгенің жанармайын жымқырды

Сот депо бастығын сегіз жылға, машинисті жеті жылға соттады.

Абай облысында екі теміржолшы 2022 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін 920 миллион теңге тұратын дизель отынын ұрлап келген.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Локомотив депосының бастығы мен машинист-теплотехник жанармайдың артық шығынын жайсыз ауа райы жағдайларына сілтеп, болмаған дауыл мен желді болды деп есеп беріп келген.

Бұл схеманы олар алдын-ала ойлап тауып, жүйелі түрде қолданған. Нәтижесінде жергілікті қаржылық мониторинг бөлімі 3 000 тоннадан астам дизель отыны жоғалғанын анықтап, екі теміржолшыға қатысты іс қозғалды.

Сот депо бастығын сегіз жылға, машинисті жеті жылға соттады.

Сонымен қатар екеуі де материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен бірге сот оларға келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз