Тікелей эфир

Абай күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін Астанада Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі елордада Абай күніне орай өтетін іс-шараларды жариялады.

Сағат 10.00-де Журналистер аллеясында "Алдымда ақын Абай – Темірқазық!" әдеби кездесу өтеді. Бір сағаттан кейін Ұлттық академиялық кітапханада "Абай әлемі" іс-шарасы ұйымдастырылады. Осы уақытта №5 кітапханада оқырмандар "Абай – жүрек қалауы, даналық белгісі" іс-шарасында бас қосады.

Сондай-ақ, бұл күні Абай оқуларын орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізеді. Сағат 17.00-де "Жастар" театры Абай шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кешке шақырады.


Оқи отырыңыз: #AbayChallenge: Димаш Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж жариялады


Ал Ақкөл қаласындағы "Арман Боровичок" балалар сауықтыру орталығында "Абай – дана, Абай дара қазақта" поэтикалық кеші өтеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде елордада тұратын барлық этнос өкілдерінің қатысуымен білім беру мекемелері арасында #МенАбайдыоқимын челленджі өтеді.

Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысындағы алаңда Абайдың 178 жылдығына орай ақынның шығармаларына жазылған күйлер орындалады. Қорғалжын алаңында "Адамзаттың алыбы – хакім Абай!" музыкалық-әдеби кеш өтеді.

Кешкі сағат 18.00-де М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында "Абайдың соңғы күндері" кино көрсету іс-шарасы ұйымдастырылады.

 

Серіктестер жаңалықтары