Тікелей эфир

"Абай әлемі" ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды: I орынға 400 мың сыйақы

Үздік ғылыми жұмыстар Abaialemi.kz порталында жарияланады.

Студенттер мен магистранттар арасында жыл сайын өткізілетін "Абай әлемі" ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі. 

Байқауды мемлекеттік тілді дамыту қоры осымен екінші рет өткізіп отыр. Оның мақсаты – студенттер мен магистранттарды Абайдың шығармашылығын зерттеу жұмысына тарту және дарынды жас ғалымдарды қолдау.

Байқау 17 наурыз бен 1 тамыз аралығында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам адам қатысты. Конкурстық жұмыстарды кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

"Байқауды ұйымдастыру арқылы біз қазақ ойшылы Абайдың мұрасын насихаттауға, дарынды жас ғалымдарды, олардың шығармашылығын анықтауға және қолдауға тырысамыз. Осылайша біз қоғамда халық дәстүрлерін, адамгершілік құндылықтарын және олардың бірегей шығармашылығын нығайтуға ықпал етеміз", – деп атап өтті қордың атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан.

Студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмыстар:

  • I орын және 400 000 теңге сыйақы – Зульфира Кадылбекова, Абай атындағы қазақ ұлттық  педагогикалық университетінің 4 курс студенті;
  • II орын және 300 000 теңге сыйақы – Әсел Әбдіғали, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті; Аягөз Мақатова, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4-курс студенті;
  • III орын және 200 000 теңге сыйақы – Елікай Әбдуәлиева, Еуразия гуманитарлық институның 4-курс студенті; Талшын Касенова, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3-курс студенті; Ахмет Қамшыбек, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті.

Магистранттар арасында:

  • I орын және 500 000 теңге сыйақы – Пердехан Шәмшиев, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранты;
  • II орын және 400 000 теңге сыйақы – Қымбат Досыбекова, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс магистранты; Гульзира Есмаханова, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2-курс магистранты;
  • III орын және 300 000 теңге сыйақы – Эльза Бауыржанова, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1-курс магистранты. Зұбира Тұрсынбекқызы, Абай атындағы қазақ ұлыттық педагогикалық университетінің 2-курс магистранты; Сәния Мухамадиева, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2-курс магистранты.

Үздік ғылыми жұмыстар Abaialemi.kz порталында жарияланады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары