Тікелей эфир

A'Studio "Джулия" мюзикліне кастинг жариялады

Кастингке музыкалық, вокалдық, хореографиялық және актерлік қабілеті бар ТМД әртістері қатыса алады.

A'Studio тобы Алматы қаласына арналған әндерінен құралған "Джулия" мюзикліне қатысуға кастинг жариялады. Өтініштер бір ай бойы – 30 маусымнан 30 шілдеге дейін кастинг сайтында қабылданады.

"Біздің A'Studio тобының 35 жылдық тарихында  жазылған және орындалған әндеріне мюзикл жасау идеясы бірнеше жыл бұрын келген еді. Осы жылдар бойы мен Лондон және  Америкадағы әлемдік театрларда қойылымдарды біраз зерттедім, бақыладым. Енді біздің өз идеямызды іске асыра алатын уақыт келді.  Соның арқасында біз  жұлдызды сәтін көптен  күткен көптеген  талантты жандарға бағын сынап көруге мүмкіндік береміз", – деді  мюзикл продюсері  Байғали Серкебаев. 


Оқи отырыңыз: Біз білмейтін Батыр...


Мюзикл қойылымында жұмыс істейтін авторлар және  шығармашылық құрам:  

  • Байғали Серкебаев - A ' Studio тобының негізін қалаушы және көшбасшысы, мюзиклдің продюсері;
  • Владимир Миклошич - музыкант, A ' Studio тобының негізін қалаушылардың бірі және бас гитарисі, мюзиклдің продюсері;
  • Қайрат Көлбаев- продюсер, идея авторы,Aurora Event Qazaqstan компаниясының бас директоры;
  • Борислав Володин - продюсер, ArtMasters чемпионатының директоры;
  • Василий Бархатов - Мишель Легранның " Шербурские зонтики" мюзиклдерінің қоюшы режиссері, Energy of Sound шоуы, Expo-17 " Призрак оперы" Бірінші арна;
  • Дурненков Михаил-ресейлік драматург, сценарист, мұғалім. "Золотая  Маска" "Новая Пьеса", "Евразия", "Текстура", "Действующие Лица"  және т. б. сыйлықтарының лауреаты.

Қазақстанда мюзикл қойылымдарын ұйымдастыру және дамытумен Aurora Event Qazaqstan компаниясы айналысады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары