Тікелей эфир

954 мың теңгеден бастап: Еңбек министрлігі Қазақстанда ең жоғары жалақы кімдерге ұсынылатынын айтты

Ведомство еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды атады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан еңбек биржасында ең жоғары жалақы өндірістің бас технологтарына – 954 мың теңгеден, ұңғымаларға қызмет көрсететін инженерлерге – 800 мың теңгеден, жүйелік сәулетшілерге – 700 мың теңгеден ұсынылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2023 жылғы желтоқсанда кадрларға негізгі сұраныс ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, сондай-ақ негізгі және орта білім беру ұйымдары мамандарына болды. Жалпы алғанда, бұл салалар 120 мыңға жуық бос жұмыс орнының үштен бірінен астамын құрады.


Оқи отырыңыз: "700 мың теңгеден бастап". Елімізде маусым айында жоғары жалақыны кімдерге ұсынды?


"Айта кететін жайт, сұраныстың ұсыныстан жалпы басым болуына қарамастан, желтоқсан айында заңгерлердің (214 бос орын және 846 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдерінің (112 бос орын және 425 түйіндеме) және және бастауыш сынып мұғалімдерінің (151 бос орын және 442 түйіндеме) айтарлықтай артық екені байқалды", – деп атап өтті министрлік.

Серіктестер жаңалықтары