Орталық "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында салынған.
Қарағанды облысында мемлекет қолдауымен салынған ірі сауда-логистикалық орталығы 2 жыл бұрын іске қосылған болатын. Ол үшн жергілікті әкімдік 85 гектар жерді кезексіз бөліп, бюджет қаржысына инфрақұрылым салып берген. Алайда не қоймада, не сөреде әлі күнге дейін тауар жоқ, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Жобаға үкімет 8,5 млрд теңге субсидия құйған. Ол көршілес елдерден делдалсыз арзан бағамен азық-түлік пен басқа да қажет тауарларды алып, сатуы тиіс болған.
"Екі жылда контейнерлердің иелері келіп, жеміс-жидекті өз бағасына сатып жатқанын көрмедік. Бұл Орталық Азиядағы ірі логистикалық орталық болғандықтан, Қарағанды облысының барлық фермері осы жерде өзінің картоп, сәбіз, тағы басқа өнімдерін сатуы тиіс қой. Халық әлі күнге дейін етті "Арай" базарына барып сатады", – деді Қарағанды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова.
Оқи отырыңыз: "Күйеуіме қарап отырмай жеке кәсібімді ашқым келді". Жер өңдеп, жеміс кептірген әйелдер қалай табыс тауып отыр?
Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы кәсіпкерлердің жәрмеңке өткізуге міндетті емес екенін айтты.
"Бұл хаб – коммерциялық жоба. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасымен жасалды. Қазір коммерциялық жоба ретінде іске асып жатыр. Бұл кәсіпкерлер халық үшін жәрмеңке өткізуге міндетті емес. Бизнесін қалай іске асырса да, өздері біледі", – деді басқарма басшысы Татьяна Абылаева.
Ал қоғамдық кеңес мүшелері орталық басшысы Анвар Осин мәжіліс депутаты Шамиль Осиннің інісі екенін айтады. Бірақ жобаның не себепті мақсатын орындамағанына жауап беруден жалтарған Осин мырза өзінің қызметкерін жіберген. Алайда маман камераға сұхбат беруден бас тартты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
322
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
293
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
272
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
264
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
258
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
297
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
321
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
318
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
261
-
0
-
0
-