8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Ертең, 8 ақпанда, мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жиын барысында 2021 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдағаны туралы хабарлаған едік. Мемлекет басшысы жас шахматшының жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз