USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

78 мың теңге: Шығыс Қазақстанда итін көлікке байлап сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Видео скрині
Видео скрині
Ер адамға 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысында Алтай қаласының 49 жастағы тұрғыны итін көлігінің артына байлап сүйреп жүрген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға куәгерлердің видеосына түсіп, әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қоғамда үлкен наразылық туғызды. Кейін ер адам жануардың өз орнынан шыққысы келмей, тырмалап, тістелгенін айтып ақталған.

"Көлікке итін байлап жүрген жүргізушінің кім екені анықталды. Жануарға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік инспектор иттің денсаулығын тексеріп, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізген соң иесімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оған жануарларды тасымалдау ережелері мен қатыгездікке қарсы заң нормалары түсіндірілді", – деді ШҚО полиция департаменті.

Ер адамға 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау