Алтын медаль алған оқушыларға 4 770 000 теңге берілді.
Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған 27 қазақстандық оқушы қомақты ақшалай сыйлық алып, грант иегері атанды. Сыйақының жалпы сомасы 76 млн теңгеден асты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Алтын медаль алған оқушыларға – 4 770 000 теңге, күміс медаль иегерлеріне – 3 180 000 теңге, қола медаль үшін 1 590 000 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да бір реттік сыйақы алды.
Сонымен қатар халықаралық олимпиада жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін автоматты түрде грант алады.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Халықаралық олимпиада жеңімпазы 4 млн теңге сыйақы алады
Айта кетейік, биыл оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысу тарихында рекордтық медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль бар.
"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында дарынды балаларға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Қазір жеті олимпиададан тұратын халықаралық беделді олимпиадалар тізімі келесі жылы тағы жеті олимпиадамен толықтырылады", – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балаларды марапаттау салтанатында.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
324
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
296
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
274
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
266
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
261
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
299
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
283
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
322
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
319
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
264
-
0
-
0
-