Тікелей эфир

738 400 теңге: Алматы облысында жол қауіпсіздігі талаптарын орындамаған ұйым айыппұл арқалады

Ұйымға 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматы облысында жол қауіпсіздігіне қатысты талаптарды орындамаған ұйым жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот шешімімен "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы полиция қызметкерлері бұрын берген нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұйымға 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы жылдың басынан бастап Алматы облысы полиция қызметкерлері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 1 579 зерттеу жүргізді. Жұмыс қорытындысы бойынша жолдарды күтіп ұстаудың көптеген кемшіліктері анықталды, оларды жоюға жол-пайдалану ұйымдарына 1 579 нұсқама жіберілді.

Заңнама талаптарының орындалуын бақылау шеңберінде 321 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қажсервис" ЖШС бар, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы бойынша 36 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 16 млн 92100 теңгені құрайды. Бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 30 әкімшілік материал жиналды.

Серіктестер жаңалықтары