70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Олардың басым бөлігі – ауыл мұғалімдері.

Жыл басынан бері еліміз бойынша 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен өткен екі апталық курсқа еліміздің барлық өңірінен мұғалімдер қатысты. 

Инфографика: Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты

Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау шаралары ұйымдастырылып, педагогтер мазмұнды семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысу арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді өз тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік алды.

Алдағы кезеңде де педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз