Тікелей эфир

7,9 млн адам республикалық референдумда дауыс берді

Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 67,65 пайызын құрайды.

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың республикалық референдумға қатысуы туралы мәліметтерді жариялады. Осы уақытқа дейін Қазақстанның 12 облысындағы сайлау учаскелері жабылған.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 67,65 пайызы, яғни тізімдегі 11 732 699 адамның 7 936 655-і бюллетень алды",– деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. 

Оның ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша-73,81%
  • Ақтөбе облысы бойынша-55,90%
  • Алматы облысы бойынша-72,83%
  • Атырау облысы бойынша-62,45%
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша-65,49%
  • Жамбыл облысы бойынша-69,59%
  • Қарағанды облысы бойынша-77,39%
  • Қостанай облысы бойынша-72,28%
  • Қызылорда облысы бойынша-75,02%
  • Маңғыстау облысы бойынша-59,14%
  • Павлодар облысы бойынша-75,53%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша-75,49%
  • Түркістан облысы бойынша-80,66%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша-77,49%
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша-57,06%
  • Алматы қаласы бойынша-32,25%
  • Шымкент қаласы бойынша-72,53%

Келесі жедел ақпарат сағат 22.00-де берілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары