Ертең Қазақстан-Қытай шекарасындағы автобекеттердің жұмысы тоқтайды. Бұл туралы м емлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекеттік кірістер комитеті Астана күніне орай, 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штат режимінде істей береді. Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07