Солтүстік-батыстан келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 6 наурыз күні Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) мол түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік және шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Елордада, Астана қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, қар жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -1...-3°C болады.
Алматы қаласында құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.
Шымкент қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +9...+11°C.
Ақтау қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C.
Ақтөбе қаласында қар жауады. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.
Атырау қаласында жаңбыр аралас қар жауады. Жел 9–14 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +5...+7°C.
Жезқазған қаласында жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.
Қарағанды қаласында қар жауады. Жел 9–14 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз 0...-2°C.
Көкшетау қаласында жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C.
Қонаев қаласында жаңбыр аралас қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +3...+5°C.
Қостанай қаласында қар жауады. Түнде -17...-19°C, күндіз -3...-5°C.
Қызылорда қаласында жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде 0...-2°C, күндіз +7...+9°C.
Павлодар қаласында жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде -4...-6°C, күндіз 0...-2°C.
Петропавл қаласында жауын-шашынсыз. Түнде -17...-19°C, күндіз -7...-9°C.
Семей қаласында қар жауады. Түнде -5...-7°C, күндіз -1...+1°C.
Талдықорған қаласында жаңбыр аралас қар жауады. Түнде -1...-3°C, күндіз +2...+4°C.
Тараз қаласында жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2°C, күндіз +6...+8°C.
Түркістан қаласында жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.
Орал қаласында жауын-шашынсыз. Түнде 0...-2°C, күндіз 0...+2°C.
Өскемен қаласында қар жауады. Түнде -3...-5°C, күндіз -1...+1°C.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17