Тікелей эфир

6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу күні болып белгіленді

Мемлекет басшылары Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім шығарды.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында мемлекет басшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Соның ішінде 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. 

Қол қойылған құжаттар тізімі: 

  1. Астана Актісі;
  2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
  3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
  6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
  8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
  9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
  10. "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;
  11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
  12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Мемлекеттердің мәселені зорлық-зомбылық, лаңкестік арқылы шешуі мүлдем дұрыс емес


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары