576 мың теңге шығын: Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған ер адам сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Жамбыл облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды. Оқиға 2025 жылдың қазан айында болған, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушының тиісті рұқсат құжаттары мен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болмағанына қарамастан, Балқаш көлінде заңсыз балық аулағаны анықталды. Ол қылмыс жасау үшін қозғалтқышы бар моторлы қайықты және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланған.

"Заңсыз әрекеттер салдарынан 112 келіден астам балық ауланып, мемлекетке келтірілген залал көлемі 576 мың теңгеден асқан. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің өзге де материалдарымен толық дәлелденді. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, келтірілген материалдық залал сотталғаннан мемлекет пайдасына өндіріліп, моторлы қайық, қозғалтқыш, торлар және заңсыз ауланған балық тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары