Тікелей эфир

5-6 сынып оқушылары виртуалды Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсе алады

Құжаттар 18 желтоқсанға дейін қабылданады. Оқу тегін.

Назарбаев зияткерлік мектептері виртуалды мектепке оқушылардан құжат қабылдау басталғанын хабарлады. Аталған мектепке 5-6 сынып оқушылары үміткер бола алады. Сынақтан өткен жағдайда олар Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сыныбында оқу үшін конкурстық іріктеуге дайындалуға мүмкіндік алады.

Үміткерлер vs.nis.edu.kz сайтында тіркелуі қажет.

"Виртуалды мектепте оқыту бағдарламасы математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, жаратылыстану пәндері бойынша сабақтарды қамтиды. Тыңдаушылар алдағы уақытта "Өркен" білім беру гранты бойынша НЗМ-ге түсу үшін өз білімдерін жетілдіре алады", – делінген хабарламада. 

Виртуалды мектепте оқу тегін. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер өткен материалды бекітуге арналған тест тапсырмаларын орындайды және онлайн форматта қорытынды тестілеуден өтеді.

Қорытынды тестілеуде ең жоғары балдың 50 және одан да көп пайызын жинағандар демалыс мектебіне шақыру алады. Демалыс мектебінде сабақтар күндізгі форматта өтеді. 


Оқи отырыңыз: 2026 жылға қарай 191 ауыл мектебі Назарбаев мектебінің әдістемесімен оқиды


 

Серіктестер жаңалықтары