Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша дауыс берген азаматтардың үлесі 37,54%-ды құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы.
Осы уақытқа дейін 4 677 595 азамат бюллетень алған.
Өңірлер бойынша азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы – 41,93%
Ақмола облысы – 44,66%
Ақтөбе облысы – 45,73%
Алматы облысы – 40,41%
Атырау облысы – 42,29%
Батыс Қазақстан облысы – 36,59%
Жамбыл облысы – 35,86%
Жетісу облысы – 43,32%
Қарағанды облысы – 42,95%
Қостанай облысы – 37,10%
Қызылорда облысы – 43,18%
Маңғыстау облысы – 34,57%
Павлодар облысы – 36,57%
Солтүстік Қазақстан облысы – 41,64%
Түркістан облысы – 44,13%
Ұлытау облысы – 36,59%
Шығыс Қазақстан облысы – 42,88%
Астана – 31,23%
Алматы – 14,85%
Шымкент – 42,59%
Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 дауыс беру учаскесінде дауыс беру аяқталған.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де жарияланады.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…