USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

43 мың теңге: енді қоқыс тастағандарға әкімнің өзі айыппұл салады

Фото: Freepik.com
Фото: Freepik.com
Ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін 43 мың теңгеден астам айыппұл немесе 40 сағат қоғамдық жұмыс қарастырылған.

Енді көшеге қоқыс тастағандарға айыппұлды тек полиция ғана емес, әкімдік өкілдері де сала алады. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдарға осындай қосымша құзырет беріп отыр. Тиісті заң наурыз айынан бастап күшіне енеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұған дейін әкімшілік хаттаманы тек полиция қызметкерлері толтыратын. Енді саябақтағы орындықтар мен ағаштарға залал келтіргендерге, көшені ластағандарға әкімдік қызметкерлері де шара қолдана алады. Яғни, абаттандыру ережесін бұзғандар құзырлы орган тарапынан да, әкімдік тарапынан да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, абаттандыру талаптарын сақтамағандарға әкімдік өкілдері бірден хаттама толтырып, айыппұл сала алады. Ал қоқыс тастау деректері бойынша шара сот шешімі арқылы қабылданады. Сонымен қатар бұл өкілет барлық шенеунікке берілмейді — нақты қай құрылым айналысатынын әкімдіктер өздері анықтайды.

Министрліктің басқарма басшысы Нұрлан Белқайыровтың айтуынша, бұл міндет көбіне коммуналдық және абаттандыру саласына жауапты басқармаларға жүктеледі.

Қала тұрғындарының пікірі екіге жарылды. Бірі тазалық пен тәртіп күшейсе, құптайтынын айтса, енді бірі айыппұл саны артып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Кей тұрғындар алдымен қоқыс жәшіктерін көбейту қажет екенін алға тартты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін 43 мың теңгеден астам айыппұл немесе 40 сағат қоғамдық жұмыс қарастырылған. Ал ағаш сындыру, рұқсатсыз кесу сияқты абаттандыру ережесін бұзғандарға 86 500 теңге айыппұл көзделген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз