Тікелей эфир

40-42 градус ыстық: Алматы ТЖД 19 шілдеде далаға шықпауға кеңес берді

Қалада және таулы, орманды алқаптарда рейдтер жүргізіледі.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 19 шілдеде қалада 40-42 градус ыстық болатынына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады.

Қалада бұл күні өрт қаупі күшеймек. Соған орай, департамент қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырды.

Сондай-ақ, келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

  • тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамау;
  • бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспау (электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін);
  • балаларды көліктердің ішінде қалдырмау (қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін).

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт қаупіне байланысты оның алдын алу шараларын күшейткен. Таулы, орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіледі.


Оқи отырыңыз: Ыстықтан қорғану үшін не істеу керек? Денсаулық сақтау министрлігінің кеңесі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары