Доллар 1,40 теңгеге арзандады.
Ұлттық банк 4 шілдедегі шетелдік валюталардың ресми бағамын белгіледі.
Доллар бағамы 1,40 теңгеге арзандап, 446,79 теңге болды.
Қазақстанның ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 446,5 теңгеден сатып алып, 449,5 теңгеден сатып жатыр.