Тікелей эфир

4 күндік жұмыс аптасына көшудің оң және теріс жақтары қандай? Экономист пікірі

Биыл 1 шілдеден бастап елімізде 4 төрт күндік жұмыс аптасы іске қосылады.

Биыл 1 шілдеден бастап елімізде 4 төрт күндік жұмыс аптасы іске қосылады. Бұл өзгерістің Қазақстан экономикасына әсері туралы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына экономикалық сарапшы Қайырбек Арыстанбеков  өз пікірін айтты.

Оның айтуынша, Еңбек кодексіндегі өзгеріс 100 пайыз тиімді емес.

"Менің ойымша, экономикаға 50%/50% ықпал етеді. Біріншіден, Еңбек кодексіндегі нормалар 70% орындалатын елдердің қатарына жатамыз. Екіншіден, 4 күндік  жұмыс аптасына көшкен кезде 100 пайыз тиімді деп айтуға болмайды. Үшіншіден, мемлекеттің экономикаға араласуы өте жоғары. Осы жағынан жаз айларында осы режимге көшсе, бюрократия азаяды, электр энергиясы үнемделеді. Ал тиімсіз жағын айтсам, 4 күнде кейбір тапсырмалардың орындалу сапасы ақсап қалады" – деді экономикалық сарапшы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2023 жылы 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі


Қайырбек Арыстанбековтің айтуынша, технологиялық жағынан жоғары көрсеткішке ие кәсіпорындар бұл өзгеріске ауыса алады.

"Технология, инновация жағынан жоғары көрсеткішке ие және өнімділік жағынан жылдам кәсіпорындар 4 күнге ауысуға болады. Сондай-ақ, жаз айында осы өзгеріс енгізілсе, кейбір қызметкерлер отбасына көп көңіл бөле алады" – деді ол.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары