USD: 475.3 / 478.3
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.87 / 5.99
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

+39 градусқа дейін ыстық: 7 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады.

7 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, тек солтүстік, солтүстік-шығыс және батыстың жекелеген өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің ірі қалаларында да күн негізінен ашық болады. Астанада күндіз ауа температурасы +30…+32 градусқа дейін көтерілсе, Алматыда +31…+33 градус, Шымкентте +35…+37 градус ыстық күтіледі.

Ең жоғары температура Қызылорда облысында тіркеледі. Мұнда күндіз ауа +37…+39 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ Тараз бен Түркістанда +35…+37 градус, Атырау, Ақтау, Талдықорған және Жезқазғанда +33…+36 градус ыстық болады.

Сонымен қатар Ақтөбе, Павлодар, Семей және Орал қалаларында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанған. Атырау мен Талдықорғанда күндіз желдің күшеюі күтіледі.

Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге және күн сәулесінен сақтануға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау