-35 градусқа дейін аяз: алдағы күндерге ауа райы болжамы

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Солтүстік антициклон барлық аймақта аязды күшейтеді.

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы уақытта Қазақстанның бүкіл аумағында аяз күшейеді. 

9 желтоқсанда солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон жылдам жетіп, соның салдарынан барлық аймақта аяз күшейеді.

"Суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен елдің солтүстік жартысында, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі", – делінген хабарламада.

Түнде ауа температурасы төмендейді:

  • солтүстікте –22…–30°С;
  • шығыста –27…–35°С;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста –10…–20°С.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз