320 миллион теңге: Алматыда 150 көлікті заңсыз тіркеген топ ұсталды

Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген.

Алматыдағы жасырын жерасты цехтың ішінде көліктердің бірегей кодтарын өзгертіп, оларға заңсыз құжат жасаған 17 адам ұсталды.

Полиция мен прокуратура осындай схема арқылы жалған құжатпен жүрген 150 көлік иесін анықтаған. Осы қылмыстық схеманың кесірінен бюджетке 320 млн теңге залал келгені анықталған.

Қылмыстық топ жерасты цехына тығылып алып, құжаттардың бірегей кодын, яғни, VIN-кодтарын ауыстырып отырған.

"Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы бар екені анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз