Тікелей эфир

31 арна жаңа жобаға қатысу үшін арулар арасында кастинг жариялайды

Кастингке 18-35 жас аралығындағы басы бос қыздар қатыса алады.

Отандық 31 арна dating шоу жанрындағы жаңа телевизиялық бағдарламасына қатысу үшін 18 бен 35 жас аралығындағы тұрмыс құрмаған, басы бос арулар арасында кастинг өткізетінін хабарлады. 

Жаңа реалити шоу өмірлік серігін табуды қалайтын жастарға арналған. Олар 31 арна студиясында өзінің теңін тауып, отбасын құру мүмкіндігіне ие болады. 

"Бағдарламаның өзгелерден басты ерекшелігі – біз қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанамыз. Оған қоса, адамдардың сыртқы келбетіне емес, оның ішкі жан дүниесіне үңілеміз", – деп атап өтті бағдарлама редакторы Аружан Ермұхамбетова. 

Қатаң іріктеуден кейін тек 24 ару ғана жаңа жобаға қатыса алады. 

Бағдарлама 31 арнаның тікелей эфирінде, қазақ тілінде өтеді. Жобаны наурыз айынан бастап, дүйсенбі – жұма аралығында тамашалауға болады. 

Кастингке қатысу үшін +7 (747) 876-18-37 ұялы байланыс нөміріне хабарласу қажет. 

Серіктестер жаңалықтары