30 жылда бір кітабы мың рет шыққан авторлар бар – Аида Балаева кітап тапшылығы туралы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мәдениет министрі кітапханалар қорын толықтыру үшін үкіметтік комиссия құруды ұсынды.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда балалар кітапханаларының мәселесін көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. 

"Еліміздегі кітапханаларда оқитын кітап аз деуге болады. Өйткені осы отыз жылда бір автордың кітабы жүз, екі жүз, тіпті мың рет шыққан деректер бар. Атауын өзгертіп қайта-қайта шығара береді. Біз әр кітапхананың кітап қорын зерделеп шықтық. Шынымен, мұндай өкінішті жағдайлар көп кездесті. Балалар өзі оқығысы келіп, іздеген кітабын таба алмайды. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттырғымыз келеді, бірақ олардың сұранысын қанағаттандыратын дүниелер жоқтың қасы. Ол үшін толық деңгейде жағдай жасай алмай келе жатқанымызды ашық айтуымыз керек", – деді Аида Балаева. 

Осы ретте министр Үкімет деңгейінде комиссия құрып, кітапханалар қорын толықтыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз