Прямой эфир Новости спорта

30 мыңнан астам қазақстандықтың Telegram-дағы жеке мәліметтері желіге тарады

Алаяқтар "Құдайдың көзі" деп аталатын платформаға сұратым жіберіп, желі қолданушыларының жеке мәліметтерін иеленеді.

Мониторинг барысында Telegram қолданушыларының 744 мың жазбасы сақталған файл желіге тарап кеткені белгілі болды. Тексерісті "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-ның KZ-CERT компьютерлік оқиғаға әрекет ету қызметі жүргізді. 

Желіге тараған мәліметтер – қолданушының ID, аты, тегі, телефон нөмірі, "өзі туралы" деген бағандағы сипаттамасы. Қазір қазақстандық телефон нөмірлерге 30 мыңнан астам аккаунт тіркелген.

"Telegram-арна авторы қолданушылар туралы жеке мәліметтер жинақталған файлды "Құдайдың көзі" деп аталатын клиенттер базасынан құралған платформа ретінде сипаттайды. Бұл платформаға азаматтар сұратым жіберіп, желі қолданушыларының жеке мәліметтерін иеленеді. Сондай-ақ, мессенджерлер де дерек көзі болуы мүмкін", – делінген "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ хабарламасында. 

Бүгінде ТМД-да бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам адам пайдаланады.

Деректердің бұлай желіде тарауы алаяқтардың қолына түсуі мүмкін екенімен қауіпті. Олар жеке мәліметтерді телефон арқылы банктен азаматтардың ақшасын өзіне аударып алу үшін пайдалануы мүмкін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары