3 наурыздағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Еуро 519-523 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497–503 теңгеден саудаланып жатыр. 

Ұлттық банктің 3 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро — 519,14.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499 теңге. Еуро 519-523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,41-5,61 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары