29 қыркүйекте жолдарда көктайғақ болуы мүмкін: жүргізушілерге ескерту жасалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауады.

29 қыркүйекте еліміздің бірқатар облысында жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, қолайсыз ауа райы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Абай және Жетісу облыстарында күтіледі.

Көктайғақ көлік қозғалысына айтарлықтай қиындық туғызуы ықтимал. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты қатаң сақтау, қашықтықты ұстау, күрт маневр жасамау және жолдың тайғақ әрі көрінудің шектеулі болатынын ескеріп жүру ұсынылды.

Жүргізушілер республикалық автожолдардың жағдайы туралы тәулік бойы 1403 бірыңғай колл-орталығына хабарласып, жедел ақпарат ала алады.

Серіктестер жаңалықтары