29 бас жылқыны ұрлаған барымташы қолға түсті

Шығын 8,1 млн теңгені құраған.

8 миллилон теңгенің жылқыларын ұрлап кеткен семейлік қолға түсті деп хабарлады Polisia.kz.

16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семей қаласы ПБ КПБ-мен бірлесіп, мал ұрлығы үшін екі жыл бойы жауапкершіліктен жалтарған 58 жастағы Семей тұрғынын ұстады.


Оқи отырыңыз: Айыппұл артып, жаза күшейсе де, Қазақстанда мал ұрлығы неге тыйылмай тұр?


"Қаскөй 2019 жылдың қараша айында Семей қаласының маңынан 42 жастағы шаруа қожалығының иесіне тиесілі 29 бас жылқыны ұрлап, жәбірленушіге 8,1 млн теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды", – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде, іздестірілуші ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз