Фестиваль аясында шетелдік озық мультипликаторлардың мастер-класы мен тренингі жоспарланған.
Дәстүрлі халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер кинофестивалі (ÁMEN International Animation film festival) 29-30 қазан күндері Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.
Биыл үшінші рет ұйымдастырылатын халықаралық шараға отандық және бауырлас түркі, Орта Азия елдерінен, атап айтқанда Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ, Ресейдегі Башқортастан мен Татарстанның білікті мультипликаторлары қатысады.
Байқауға анимация саласында белгілі мамандардан құрылған халықаралық қазылар алқасы төрелік етеді. Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша марапатталады. Бұдан бөлек, фестиваль аясында шетелдік озық мультипликаторлардың мастер-класы мен тренингі жоспарланған. Қатысушылар әлемге танымал 4 маманның дәрісін тыңдап, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, фестиваль қонақтары Қазақстанның үздік анимациялық киностудиялары көрмесін тамашалайды. Онда киностудиялар анимация жасаудың қыр-сыры мен ерекшеліктерін көрсетіп, жас мамандар үшін тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырады.
"Бағдарлама бойынша, іс-шараның екінші күні түркі елдеріндегі кино өнерінің даму бағыттарына, бүгіні мен ертеңіне арналған дөңгелек үстел өтеді. Шетелдік және отандық анимация саласының мамандары өзара байланыс орнатып қана қоймай, өзекті тақырыптарда пікір алмасып, түркітілдес елдердің анимация саласындағы ынтымақтастығына жаңа серпін бермек. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған фестивальдің биыл түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістан қаласында өтуі де айрықша мәнге ие. Ұйымдастырушылар шаһар тұрғындары мен қонақтарына мерейтой қарсаңында айырықша сый жасамақ. Түркістандықтар екі күн қатарынан қаладағы ең үздік кинозалдардан еліміздің және түркі елдерінің ең үздік анимациялық фильмдерін тегін тамашалайды", – делінген хабарламада.
Дәстүрлі фестивальді OzgeEpic заманауи өнер кеңістігі мен Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-