Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,3 теңгеге арзандап, 535,83 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,13 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 535,73 теңгеден сатып алынады, 537,91 теңгеден сатылады. Еуро 623,05 – 626,83 теңге, ал рубль 6,59 - 6,72 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 534,37 теңгеге сатып алынады, 540,34 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 620,48 теңге, сату - 628,49 теңге. Ал рубль 6,53 - 6,69 теңге аралығында саудаланып жатыр.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07