USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

2400-ден астам заң бұзушылық: шекарада мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау деректері көбейген

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
Қазақстаннан заңсыз шығарылмақ болған жанармайдың құны 60 млн теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жыл басынан бері мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып өтудің 2400-ден астам фактісінің жолын кесті. Тәркіленген мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 300 тоннадан асты, деп хабарлайды ҰҚК. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекаралық бақылау барысында бензин, дизель отыны, керосин және басқа да мұнай өнімдерін елден заңсыз шығаруға бағытталған мыңдаған әрекет анықталған.

"2026 жылдың басынан бері өткізу бекеттерінде жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың 2400-ден астам фактісі тіркелген. Нәтижесінде жалпы көлемі 300 тоннадан асатын мұнай өнімдері тәркіленді. Ал олардың алдын ала есептелген құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды", – делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, заң бұзушылыққа жол берген азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

"Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармай материалдарының көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған", – делінген комитет хабарламасында.

Ведомство шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге қарсы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз