Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл өзгерді.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 538,13 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,11 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,03 теңгеден сатып алынады, 540,84 теңгеден сатылады. Еуро 623,75 – 627,58 теңге, ал рубль 6,55 – 6,66 теңге аралығында саудаланады.
Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 536,46 теңгеден сатып алынады, 542,46 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 621,46 теңге, сату - 629,48 теңге. Ал рубль 6,55 - 6,70 теңге аралығында саудаланып жатыр.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07