Тікелей эфир

24 қаңтарда Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша өшіріледі

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор бұл күні жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.

24 қаңтарда Қазақстанда телерадио хабарларын тарату 14 сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио".

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор бұл күні жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

"Жұмыс ағымдағы жылдың 24 қаңтарында сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін жоспарланған болатын", – деп хабарлады ұлттық оператор.

"Қазтелерадионың" баспасөз қызметі бұл үздіксіз және сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет екенін мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда алдағы сенбі күні кешке дейін теледидар мен радио өшіріледі


 

Серіктестер жаңалықтары